Әлия Назарбаева мемлекет бизнестің "жасыл" экономикаға өтуіне жағдай жасауы керектігін айтты - Жаңалықтар | BNews

Әлия Назарбаева мемлекет бизнестің "жасыл" экономикаға өтуіне жағдай жасауы керектігін айтты

28 сәуір, 2018, 13:06 3449 Астана
Әлия Назарбаева мемлекет бизнестің

Сондай-ақ, ол жаңа Экологиялық кодекстің аясында экологиялық реттеу тәсілдерін қайта қарауды ұсынды.

"Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева тұжырымдамасы өңделіп жатқан жаңа Экологиялық кодекстің аясында экологиялық реттеу тәсілдерін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Төралқа төрайымы "Жаңа экологиялық кодекс – Қазақстан Республикасындағы "жасыл" экономика қағидаларының сапалы іске асырылуының құралы" атты дөңгелек үстел барысында мемлекет кәсіпкерліктің "жасыл" экономикаға өтуіне ынталандыратын жағдай жасауы керектігін атап өтті.

"Сіздердің дұрыс түсінгендеріңізді қалаймын, мен бизнеске көптеген экологиялық жоғары талаптардың қойылуын ұсынып отырған жоқпын. Мемлекет бизнестің "жасыл" экономикаға өтуіне ынталандыратын жағдай жасауы керек", - деді Әлия Назарбаева.

Әлия Назарбаева Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылып жатқан Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы елімізде "жасыл" технологияларды енгізуде көмек беруі және "жасыл" бизнес үшін "бірегей орталық" болып қалуы қажет екендігін атап өтті.

"Осылайша "жасыл" экономикаға өту мәселелері тек экологиялық емес, сонымен қатар салааралық жалпы мемлекеттік сипатқа ие. Сәйкесінше, бұл бағыт бойынша мемлекеттік саясат құру мемлекеттің жалпы экономикалық дамуы мәнмәтіні бойынша іске асырылуы керек", - деді "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева.

Оның айтуынша, жаңа Экологиялық кодекс әлемдегі дамыған елдер деңгейіне сай экологиялық саясатты қалыптастыруда маңызды қадам болып, "жасыл" экономика принциптерін енгізу құралы мен драйверіне айналуы тиіс.

"Әлеуметтік факторлардан бөлек, экологиялық саясатты дұрыс жүргізу экономиканың өсуіне тікелей оң әсер етеді. Экологиялық жағдайдың экономикаға әсерін Нобель сыйлығының лауреаты Саймон Кузнец ЖІӨ экономиканың экологияға әсер етуінсіз қысқа уақытқа ғана өсуі мүмкін, ал одан кейін ЖІӨ бірден түсіп кетеді деп дәлелдеп шыққан. Бұл дегеніміз экологиялық жағдайдың нашарлауы елдегі ауру санының көбеюіне, сонымен бірге еңбек өнімділігінің төмендеуі мен денсаулық сақтау саласына мемлекет шығынының көбеюіне алып келеді", - деді төралқа төрайымы.

Әлия Назарбаева мемлекеттің экология жағдайын жақсартуға арналған кешендік шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруы ЖІӨ-нің өсуіне әкелетінін айтты. Испандық ғалымдар Еуропаның 119 қаласында зерттеу жүргізгенде табиғатты қорғау шаралары жүргізілген қалаларда халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-і 20%-ға дейін өсімді көрсеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар