Алкоголь өнімін заңсыз тасымалдаған Өзбекстан азаматшасы ұсталды - Жаңалықтар | BNews

Алкоголь өнімін заңсыз тасымалдаған Өзбекстан азаматшасы ұсталды

16 ақпан, 12:28 782 Астана
Алкоголь өнімін заңсыз тасымалдаған Өзбекстан азаматшасы ұсталды

Ол Қазақстанға 48 бөтелке алкоголь өнімін тасымалдаған.

Көліктегі Ішкі істер департаментінің қызметкерлері "Нүкіс-Бейнеу" бағытындағы жолаушылар пойызында "Оазис-Ақжігіт" станцияларының өткелінде Өзбекстан Республикасының 46 жастағы азаматшасын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында оның қол жүгінің ішінен көлемі 0,5 литрлік бөтелкедегі 48 дана алкоголь өнімі табылды.

Ұсталған азаматшаның айтуынша, ол аталған өнімді Қазақстан Республикасында сату үшін Өзбекстаннан әкеле жатқан.

Көлік полицейлері аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 546 бабымен әкімшілік хаттама толтырды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 12-14 ақпан күндері Көліктегі ІІД және оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумағында "Спирттің, алкогольді және темекі өнімдерінің контрабандасына қарсы іс-қимыл бойынша" жедел-профилаутикалық іс-шарасы өткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары