Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды - Жаңалықтар | BNews

Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

14 ақпан, 2018, 17:05 421 Алматы
Алматы әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Білім басқармасының, Тілдерді дамыту басқармасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Мәдениет және мұрағаттар басқармасының жаңа басшылары тағайындалды, деп хабарлады әкімнің ресми сайты.

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Білім басқармасының, Тілдерді дамыту басқармасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Мәдениет және мұрағаттар басқармасының жаңа басшылары тағайындалды.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Гүлнар Ходжабергенова бекітілді. Ол өзінің педагогтық қызметін 1985 жылы Алматы қаласындағы С. Шәкіров атындағы мектеп-интернатта бастаған. Түрлі жылдары қаланың бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор, сонымен қатар Алмалы, Жетісу, Әуезов аудандарында білім бөлімінің басшысы болған.

Бұрын Білім басқармасының басшысы болған Рахат Шимашева енді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасына жетекшілік етеді. Өз кезегінде Мамай Ахетов қала әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Одан өзге Мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы да ауысты. Бүгінгі күнге дейін Ханзада Есенова қалалық мәслихаттың депутаты болды, ұзақ жылдар бойы А. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры қызметін атқарған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, басшысы болып Мейіржан Отыншиев тағайындалды. Ол түрлі жылдары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс атқарған, соңғы 3 жылда осы басқарма басшысының орынбасары болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар