Алматы әкімі: Кім қаламаса – соны мәжбүрлейміз, кім істей алмаса – соған үйретеміз - Жаңалықтар | BNews

Алматы әкімі: Кім қаламаса – соны мәжбүрлейміз, кім істей алмаса – соған үйретеміз

21 ақпан, 14:06 1018 Алматы
Алматы әкімі: Кім қаламаса – соны мәжбүрлейміз, кім істей алмаса – соған үйретеміз

Ақсай-5 шағын ауданының тұрғындары Бауыржан Байбекке №1 үйдің апатты жағдайына шағымданды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде пәтер иелері кооперативтерінің нашар жұмысына пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

Атап айтқанда, әйел адам Ақсай-5 шағын ауданындағы тұрғын үйдің апатты жағдайына шағымданды.

"Үйдің төбесінен су ағады. ПИК-те үнемі боламыз. Барлығын дұрыс төлеп отырмыз, үйде сыз бар, қыс бойы тоңып, ауырып шықтық", - деді үй тұрғыны.

Әкім өзінің қарамағындағыларға бұл жағдайды бақылауға алуды тапсырды.

"Жиналып, бірге талап ету керек. Кім қаламаса – соны мәжбүрлейміз, кім істей алмаса – соған үйретеміз. Егер ПИК ақшаны жинап алып, қажетінше жұмсамаған болса – жазалаймыз. Тексеріңдер (қарамағындағыларға - ред. ескертуі)", - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, кездесу барысында Ақжар ауданы сумен жабдықталмағаны туралы мәселе көтерілді.

Бұған қала әкімі бұл аудандағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жоба үш жылға қарастырылғанын айтты.

"Мен барлығын түсінемін, бірақ барлығын бірден шешу мүмкін емес. Қазір қанша құбыр керек екенін есептеп жатырмыз", - деп жауап берді әкім.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары