Алматы әкімі Жаңа Зеландия Елшісімен кездесті

01 қараша, 2018, 13:10 3284 Алматы
Алматы әкімі Жаңа Зеландия Елшісімен кездесті

Тараптар өзара ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндіктер зор екенін атап өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жаңа Зеландия Елшісі Ян Хиллмен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-кономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дипломатиялық миссия басшысы ЕАЭС, ҚХР мен Орта Азия нарығына жол ашып отырған қаланың көлік-логистикалық әлеуетін жоғары бағалады. Ол өзінің сөзінде географиялық қашықтыққа қарамастан тараптардың өзара ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндіктердің зор екенін атап өтті.

Қазіргі кезде Алматыда заманауи "ақылды" технологияларды енгізуге, "жасыл" экономика инновациясын дамытуға ерекше мән берілген. Өз кезегінде Жаңа Зеландия елдегі энергияның 85 пайызын қамтитын энергия көздерінің технологиясын белсенді түрде алға жылжытуда.

Бұлардан өзге,стартап-компаниялардың қолдауы арқасында Жаңа Зеландия жаңа технологияларды шығарудың үшінші ірі экспорттық статьясына айналған әрі Бүкіләлемдік "Doing Business" банкінің рейтингі бойынша бизнесті жеңіл жүргізудің көшбасшысы, ал Қазақстан мұнда 36 орынды иеленген.

"Алматы - сұлу және ерекше қала, туризмді дамытудағы мүмкіндігі жоғары. Қала орталығынан таушаңғысы курортына небәрі 20-30 минутта жетуге болатыны таңданарлық. Мен туризмге маманданған жаңазеландиялық компаниялардың мұндағы ашық әлеуеттерге қызығатынына сенімдімін. Жаңа Зеландия жоғары технологиялы IT-қызметтерді сыртқа шығарады, бұл салада біз өзара жемісті байланысты жүзеге асыра аламыз", - деп атап өтті Ян Хилл.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар