Алматы әкімі "Алпамыс батыр" жырын оқу бойынша эстафетаны қабыл алды

06 желтоқсан, 2018, 17:33 3107 Алматы
Алматы әкімі 

 Бауыржан Байбек "Тұлпар мініп, ту алған" флешмобын қолдады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Тұлпар мініп, ту алған" флешмобына қатысып, "Алпамыс батыр" жырынан үзінді оқып берді. Қала әкімінің эстафетаны жалғастырған видеосы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

"Ардақты ағайын! "Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасы аясында "Алпамыс батыр" жырын оқу эстафетасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева қабыл алып, эстафетаны елімізге белгілі кинорежиссер Акан Сатаевқа, танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам және ел мақтанышы, дарынды әнші Димаш Құдайбергеновке жолдаймын!", - деп жазды Бауыржан Байбек.

Батырлар жырын оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған акция тамыз айында басталды және жыл соңына дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар