Алматы балабақшаларында бүрдіршіндер жаңа ережелерге сәйкес қабылданатын болады - Жаңалықтар | BNews

Алматы балабақшаларында бүрдіршіндер жаңа ережелерге сәйкес қабылданатын болады

15 ақпан, 16:33 1049 Алматы
Алматы балабақшаларында бүрдіршіндер жаңа ережелерге сәйкес қабылданатын болады

Ақпаннан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою" жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді.

Алматыда юалаларды балабақша кезегіне қою ережелері өзгертілді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою" жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді. Сонымен қатар, кезекке қою процестері мен оның функцияларын және балабақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата-ана электрондық цифрлық қотаңба алуы тиіс.

Айта кетерлігі, бұрындары бұл қызмет мына ережелер бойынша жүргізіліп келді: нақтылы бір бала бақшаға кезекке қойылатын әрі жеңілдіктің барлық категориялары бойынша кезектен тыс жолдама алатын, өтініште өзгерістер болса (категория өзгерсе) өтінім беруші кезектен алынып, жеңілдік бойынша қайта кезекке тұратын, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жолдама алған өтінім беруші өз бетінше өзгерістер енгізе алмайтындықтан (категория, байланыс мәліметі) өзі де, бала да кезектен алынбайтын, сонымен қатар не үшін мектеп жасына дейінгі ұйымға жолдама алғысы келетіндігін анықтайтын функция талап етілмейтін.

Қазіргі кезде Оpen-almaty.kz жүйесі өтініш берушілерге мынадай мүмкіндіктер береді: кезекке тұру үшін өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс мәліметін редакторлауға), өтінішті қайтып алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жеке мектеп жасына дейінгі мекемеге жолдама алуға, жолдаманы не үшін алғысы келетінін көрсетуге ерікті.

"Бала бақшаға жолдама алу кезегі ата-аналардың өтінішінде көрсетілгендей, баланың туған жылы бойынша бірыңғай қалалық кезек бойынша жүзеге асады әрі нақтылы бір бала бақша кезегі болмайды. Балалары қараша және желтоқсан айларында туылған ата-аналардың өтініштері кезекке туылған жылы бойынша қойылады. Кезекке қою реті өтініш берілген күннен басталады", - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.

Жеңілдік категориясы жүйесі төмендегідей екі типтен тұрады:

- Кезектен тыс жолдама алатындар (әскери қызметшілер балалары). МЖМ-де орын болса бұл категориядағылар кезектен тыс жолдама алады;

- Бірінші кезектегілер (мүгедек балалар, ата- ана қарауынсыз қалғандар, жетімдер, көп балалы отбасының балалары, ерекше күтім мен білімді қажет етендер). Бұлар жолдаманы "үштен бір" (жеңіл категориядағы өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші) қағидасы бойынша алады.

Әкімдікте балабақшаға жолдма алу үшін не істеу керектігін түсіндірді:

- Көрсетілген электрондық поштаға және телефон нөміріне кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер ата-ана балабақшаны таңдамаса және уақыт регламенті бойынша (сағат 9:00-20:00) жолдаманы алмаса, онда бұл орын жыл тобы бойынша кезекте тұрғандардың бәріне ортақ, бірақ балабақшаны таңдамаған бұрынғы өтініш беруші кезекте қала береді;

- Мектеп жасына дейінгі мекемеге жолдама алынған соң бала кезектен автоматты түрде шығарылады, (егер бала бақшаға барып жүрсе, өтініш беруші кезекке қою туралы өтінім бере алады);

- Егер ата-ана жолдама алған соң 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға келмесе, онда жолдама автоматты түрде жарамсыз болады және 10 жұмыс күні ішінде балаға жолдама алу тоқтатылғаны туралы парақ беріледі. Өтінім тоқтаған параққа ілінсе жолдама алу мүмкіндігі жабылады.

Егер өтініш беруші жолдаманың берілген күнін 2 рет кешіктірсе, онда бала автоматты түрде кезектен алынады.

Хабарламада мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаға жолдама баланың жасы 3-те немесе одан үлкен болса, егер бала кезекте тұрса және бос орын болса берілетіндігі айтылған.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаға жолдама алғанда кезек нөмірінің мәні болмайды. Алайда, ата-аналар егер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаға жолдама алынса, онда бала кезектен автоматты түрде шығарылатыны туралы білулері тиіс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары