Алматы драма театрының директорына үкім шықты - Жаңалықтар | BNews

Алматы драма театрының директорына үкім шықты

07 ақпан, 18:44 1206 Алматы
Алматы драма театрының директорына үкім шықты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мемлекетке 52,5 млн теңге айыппұл төлеуі қажет.

Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлға үкім шығарылды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-тармағы және 366-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда.

Оған пара алған сомадан 35 есе артық, яғни 52,5 млн теңгеден артық айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Алайда Ерлан Біләлдің мүлкі тәркіленбейтін болды. Тағайындалған айыппұлды ол бір ай ішінде төлеуі қажет.

Сот оны өмір бойы қандай да бір мемлекеттік қызмет атқару құқынан, сондай-ақ "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағынан және "Құрмет" орденінен айырды.

Үкім заңды түрде күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 25 қаңтарда Алматыда Қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры Ерлан Біләлға қатысты сот отырысы басталды. 

Ерлан Біләл "Сезам" қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының жетекшісінен 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында жаңа жылдық театрландырылған қойылымдар өткізу үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр.

Ерлан Біләлдің парамен ұсталғаны туралы ақпарат 5 қаңтар күні тарады. Әріптестері бұл Ерлан Біләлға қарсы ұйымдастырылған арандатушылық деген пікір айтқан еді. 17 қаңтар күні күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа түсті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары