Алматы қаласының билігі таудағы қоқыспен күрес жұмысын күшейтпек - Жаңалықтар | BNews

Алматы қаласының билігі таудағы қоқыспен күрес жұмысын күшейтпек

17 сәуір, 16:20 1774 Алматы
Алматы қаласының билігі таудағы қоқыспен күрес жұмысын күшейтпек

Кененің белсенді уақыты аяқталған соң, қала жанында қоқыс жинау шаралары ұйымдастырылмақ.

Алматы әкімдігі тауға шыққаннан кейін қалған қоқысты өз бетімен жинап, шығарып тастауды сұрайды, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматының туризм және сыртқы байланыс басқармасының жетекшісі Ерлан Жайлаубай баспасөз мәслихатында, шетелде саябақтарды тазалауды қаржылай тұрғыдан ынталандыру бар екенін айтып өтті. Десек те қала әкімшілігі табиғатқа барынша ұқыпты қарауға шақырады.

"АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық бағында адамдарды 30 доллар көлеміндегі депозитпен ынталандырады. Келушінің қолына пакет беріледі, егер ол толса осы ақша қайтарылып береді.  Қаржылық тұрғыдан ынтыландыру бар. Бізде өкінішке орай, мұндай тәсілдер жұмыс істемейді деп ойлаймыз. Іле Алатау паркі осы тәжірибені қолданып көрді. Былтыр әрбір келушінің қолына қоқыс жинау үшін пакет берген едік, алайда бұл әрекет еш нәтиже бермеді", - деді Ерлан Жайлаубай.

Алматыда бірнеше жылдан бері таудағы сенбіліктер мен тазалық акциялары ұйымдастырылып келеді. Алайда қала тұрғындары мен қонақтарының түйсігінсіз қоқыстан торлықтай арылу қиынға соғады.  

"Былтыр біз Просвещенец шатқалындағы Көк-Жайлауда қоқыс жинау шарасын ұйымдастырдық. Сондай-ақ, қалалық сенбілік аясында Медеу паркінің бір бөлігін жинадық. Алайда Үлкен Алматы көліне қарай біршама аумақ бар. Адамдар жауапты болса, аз қоқыс шығарар едік", - деді Ерлан Жайлаубай.

Ерлан Жайлаубай туризимді насихаттау мақсатымен Алматы облысында тауға қарай жүретін жаяу жолдар мен соқпақтар абаттандырылып, онда көру алаңдары, кэмпинг аялдамалар мен туристерге арналған жаңа сілтемелер пайда болатынын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары