Алматы мен Қазақстанның үш облысында су тасқыны болуы ықтимал - Жаңалықтар | BNews

Алматы мен Қазақстанның үш облысында су тасқыны болуы ықтимал

09 наурыз, 16:42 1040 Қазақстан жаңалықтары
Алматы мен Қазақстанның үш облысында су тасқыны болуы ықтимал

11-12 наурыз күндері жауын-шашын салдарынан су тасуы, беткейлік және жергілікті ағын пайда болуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның жекеленген аласа-таулы өзендеріне дабылды ескерту жариялады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  BNews.kz.

"11-12 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облысының жекеленген аласа-таулы өзендерінде және Алматы қаласында су тасу, жергілікті ағынның қалыптасуы  күтіледі", - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар