Алматы метросының салынуын қаланың жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуы қиындатады - Жаңалықтар | BNews

Алматы метросының салынуын қаланың жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуы қиындатады

03 тамыз, 15:49 3148 Алматы
Алматы метросының салынуын қаланың жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуы қиындатады

"Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік техникалық департаменті директорының мәліметінше, Алматы метросы Қазақстандағы тұңғыш, Орта Азиядағы екінші және ТМД-дағы он алтыншы метро.

Алматы метросының салынуына қаланың жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуы қиындық туындатады. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте "Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік техникалық департаментінің директоры Жамиля Арисова айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы метросы Қазақстандағы тұңғыш, Орта Азиядағы екінші және ТМД-­дағы он алтыншы метро. Оның бірінші кезегінің алғашқы торабы 2011 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілді. Ұзындығы 8,56 километрлік тұңғыш метро жолы жеті бекетті қамтыды, олар: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы драма театры", "Алатау".

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтетіні туралы айтқан еді. Сондай-ақ, Елбасының сөзінше, Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады. Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.

"Алматыметроқұрылыс" АҚ Алматы метросының бірінші іске қосу кешені бойынша екінші кезектегі алғашқы желіні тәмәмдады.

Бірінші іске қосу кешеніне қарасты "Алатау", "Сайран", "Мәскеу" бекеттерінің тоннельдерін ұңғылау, "Сайран" бекетінен "Мәскеу" бекетіне дейін №121, 122 төменгі айналмалы желдетпе оқпандарын қазу жұмыстары жасалды. Бірінші іске қосу бөлігінің ұзындығы – 2,73 км, соның ішінде пайдалануға берілетіні – 2,5 км. Орташа тереңдігі – 14 метр шамасында.

"Алматы метрополитенінің бірінші бөлігінің екінші кезегіндегі алғашқы желі 2015 жылдың 18 сәуірінде пайдалануға берілді. "Алматыметроқұрылыс" акционерлік қоғамы қазіргі кезде екінші бөлік бойынша екінші кезектің алғашқы желісінің құрылысын жүргізуде. Екінші кезектегі екінші іске қосу кешені Абай даңғылының астымен өтетін екі бекетті желіні қамтиды. Жұмыс барысында жергілікті жер жағдайы, инженерлік-­геологиялық ерекшеліктері және қала құрылысы факторлары ескерілді. Күрежолдың ең жоғарғы бағыты – 34%, ал ең кішісі 3%-ды құрады. "Сарыарқа" мен "Достық" атты желілер шығыстан батысқа қарай созылады. Яғни Алтынсарин даңғылы мен Өтеген батыр көшелері аралығындағы "Мәскеу" бекеті тоннеліндегі құрылыстың басталуы, Бауыржан Момышұлы мен Яссауи көшелерінің аралығындағы аумақта екінші бөліктің іске қосу кешені құрылысының тәмамдалуы", - деді "Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік техникалық департаментінің директоры.

Оның айтуынша, Алматы метросы Қазақстандағы тұңғыш, Орта Азиядағы Ташкенттен кейінгі екінші және ТМД­-дағы он алтыншы метро болмақ.

"2002 жылы метро құрылысы ірі инвестициялық жоба ретінде жарияланып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша Алматы қаласын өркендетудің 2003­-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілуі, қосымша қаржы бөлінуі метро құрылысшылары үшін бетбұрыс кезең болды. Тұтас алғанда қаржыландыру көлемінің ұлғаюы құрылыс жұмыстарының көлемін арттыруға, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік туғызды", - деп баяндады спикер.

Ол қалада метро салудың қандай күрделі жағдаймен тығыз байланысты екенін атап өтті.

"Алматы метросын салудағы ең бір күрмеуі қиын күрделі жағдай қаланың жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты. Қалада тоғыз балға дейінгі қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта орналасқан. Сейсмикалық қауіпті аймақта құрылыс жүргізу үшін құрылыс технологиясының талаптары қатаң сақталуы тиіс", - деп сөзін қорытындылады Жамиля Арисова.

Айта кетейік, Алматы қаласы көлік құрылымын жетілдірудің негізгі мақсаттарына жету үшін тарихи орталықты қаланың тыныш және өнеркәсіптік аудандарымен көлік байланысын сенімді қамтамасыз етуге тиіс метрополитеннің бірінші желісін батыс және солтүстік бағыттарда әрі қарай дамыту туралы шешім қабылданды.

2015 жылы "Алматы қаласы метрополитенінің бірінші желісінің екінші кезегі" ТЭН әзірленді, 2015 жылғы 30 қаңтардағы №02-0033/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды және 2015 жылғы 10 ақпандағы №37-ПИР ҚІК бұйрығымен бекітілді.

Сонымен бірге, батыс бағытта келесі іске қосу кешендері қарастырылған: Бірінші – Алатау бекетінен Мәскеу бекетіне дейін; (пайдалануға берілді) Екінші – Мәскеу бекетінен Достық бекетіне дейін; (құрылыс жүргізілуде) Үшінші – Достық бекетінен Қалқаман бекетіне дейін; (жобалау жүргізілуде). Созу – Автовокзал "Западный" бекеті. Үшінші кезек 2015 жылдың 18 сәуірінде метрополитеннің бірінші желісі екінші кезегінің бірінші іске қосу кешені "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері пайдалануға берілді. Аралық тоннель ұзындығы 2,73 км құрады және жалпы ұзындығы 11,2 км тұрады.

Пайдалануға берілгеннен кейін жолаушылар ағыны екі есеге 40-45 мың адамға дейін артты, ол өз кезегінде метрополитенге қосымша қуат берді.

Сондай-ақ, Алматы метрополитенінің құрылысы кезінде заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру мақсатында аралық тоннельдердің ұңғымасын "Herrenknecht AG" неміс компаниясының "Herrenknecht S-320" өнімділігі жоғары тоннель ұңғымалық кешені орындайды.

"Herrenknecht AG" компаниясының өнімділігі жоғары тоннель ұңғымалық кешені жоба және көлік құралдары қозғалысының үздіксіз және қауіпсіз пайдалану талаптарына, құрылыс конструкцияларының, апатсыздық құралдарының заманауи жүйелерінің және қала аумағын экологиялық қорғаудың беріктігі, сенімділігі және төзімділігі талаптарына сәйкес функционалды міндеттерін қанағаттандыратын метрополитен аралық тоннельдерінің ғимараттарын қамтамасыз етті.

Тоннельдерді ұңғылау қабылданған технологиясы жоспарда және профильде минимал ауытқуы бар щитті енгізуді қамтамасыз ететін заманауи компьютерлік навигациялық және басқару жүйелерінен тұрады. Өнімділігі жоғары тоннель ұңғымалық кешені интеграцияланған жабдықтары және жоғары дәлдіктегі шығыршықтан жасалған қаптаудың әмбебап конструкциясын пайдалану Алматы метрополитені аралық тоннельдерінің тік, сондай-ақ қисық учаскелерінде сапасы жоғары тоннельдік қаптауды алуға мүмкіндік береді.

Сарыарқа бекетін уақтылы пайдалануға беру үшін заманауи жабдық және құрылыстың жаңа австриялық тоннель тәсілі қолданылды.

Жаңа австриялық тоннель тәсілі технологиясы дәстүрлі құрылыс әдістерімен және күндізгі бетінің минималды жауын-шашындарымен салыстырғанда төмен төселген бекеттің негізгі көтеруші құрылмаларын қысқа мерзімде тұрғызуға, сондай-ақ максималды түрде қауіпсіз етуге және үңгушілердің еңбектерін механикаландыруға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: