Алматы облысында 2018 жылы "Рухани жаңғыру" аясында 159 жоба әзірленді - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысында 2018 жылы "Рухани жаңғыру" аясында 159 жоба әзірленді

21 ақпан, 11:38 2081 Алматы облысы
Алматы облысында 2018 жылы

Алматы облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2017 жылы 1 млн. адамды қамтыған 8 мың шара ұйымдастырылды.

Бюджеті 25,8 млрд. теңге болатын 319 ірі жобаның реестрі жасалды. Бұл туралы есеп беру жиынында облыс әкімі А. Баталов айтты, - деп хабарлайды BNews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде "Туған жер" жобасы аясында құны 10,5 млрд. теңге болатын 218 жоба жүзеге асырылса, соның 6,6 млрд. теңгелік 90 жобасы аяқталды. Мәселен, "Батыр бабалар" мемориалды кешені салынып, Елбасының "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы ашылды. Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстан бойынша тұңғыш "Рухани жаңғырту" орталығы бой көтеріп, іске қосылды.

2018 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде құны 6 млрд. теңгеге жуықтайтын 159 ірі жобаның тізімі әзірленді. Бұл орайда "Туған жер" жобасы бойынша Талдықорған қаласында жабық бассейн, Қарасай, Алакөл аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілмек. Сол сияқты Панфилов ауданында "Орбұлақ" мемориалды кешені тұрғызылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары