Оқиға Қарасай ауданының Жандосов ауылында болған.
Алматы облысында төрт адам газ-ауа қоспасының тұтануынан зардап шекті, деп хабарлайды BNews.kz. Аудандық ТЖД-де атап өткендей, төтенше оқиға 25 ақпанда шамамен сағат 17-де Қарасай ауданының Жандосов ауылында орын алған.
"Жертөледегі газ-ауа қоспасының таралуынан кейін өрт шыққан жоқ. Салдарынан 1-4 дәрежедегі термиялық күйікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары" МБ қызметкерлері мен 1 техника бірлігі келді.
Аймақ құтқарушылары өз мүлкін қауіпсіз қалыпта ұстау жауапкершілігі үй иесіне жүктелетінін айтып, барлық тұрғындарды тиісті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Үкіметте тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
-
Жеңіс Қасымбек биыл 13 млн м² жаңа тұрғын үй салу көзделіп отырғанын айтты
-
"7-20-25" бағдарламасының борышкерлері ипотекалық төлемдерін уақытылы төлеп отыр
-
Астанада жөндеуді талап ететін үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі
-
Баспанасы бар азаматтар да "7-20-25" бағдарламасына қатысу құқығына ие болуы мүмкін
-
Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі
-
2 250 әскери қызметші жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша пәтер сатып алды
-
ТҮҚЖБ: Қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018 рекордты жыл болды