Алматы облысында еріктілер 13 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысында еріктілер 13 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр

09 шілде, 11:22 1326 Алматы облысы
Алматы облысында еріктілер 13 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр

Бала туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таратылуда.

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім 10 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Иса Бекбаевтың жоғалғаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіде тарады. 2004 жылы туған баланың биыл 29 маусымда Үштөбеде жоғалғаны аталып өтілген.

"Алдын ала болжам бойынша, Қараталда су тартқыш аумағында суға ағып кетуі мүмкін. Оның заттары жағадан табылды. Көзі, шашы қара. Дене бітімі орташа. Адасып кетуі де мүмкін", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан обылысының полицейлері де 15 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр. Хасан Ятимов 6 шілде күні сағат күндізгі 3-те Қызылжар ауданы Прибрежный ауылынан автобусқа мініп кеткен. Оның қайда екені әзірге белгісіз. Орыс тілін білмейді, тәжік тілінде ғана сөйлейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары