Алматы облысында IT және робототехника сыныбы ашылды - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысында IT және робототехника сыныбы ашылды

18 шілде, 16:15 1647 Алматы облысы
Алматы облысында IT және робототехника сыныбы ашылды

Бұл қадам жастардың техникалық пәндерге деген ынта жігерін оятуға бағытталған.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы бойынша Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы № 1 орта мектепте IT және робототехника сыныбы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ІТ сыныбы "Нұр Отан" партиясының "Балаларға арналған тегін ІТ сыныптарын ашу" жобасының негізінде жүзеге асып отыр. Бұл бастаманы қолдаған облыстық маслихат депутаты "Нұр Отан" партиясы фракция мүшесі, кәсіпкер Жангелді Осан демеушілік жасап, сыныпты жабдықтап берді. Бұл аудан орталығынан шалғай ауылдағы орналасқан елді мекендердегі жасөспірім балаларға ғылыми техникалық мүмкіндіктердің қыр-сырын меңгеруге, ғылым жетістіктерін шынайы өмірде қолдана білуге, заманауи технологияны жетік меңгеруге мүмкіндік береді. Салтанатты рәсімге Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева қатысты.

Аталған жүйе оқушыларды креативті ойлауға баулып, жастардың техникалық пәндерге деген ынта жігерін оятуға бағытталған. Аталған іс-шара еліміздегі цифрландыру үдерісіне, азаматтардың цифрлы сауаттылығын арттыруға үлесін қоспақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары