Алматы облысында қаңғыбас адам мешіттен үш жасар қызды ұрлап кетті

31 шілде, 2018, 14:06 2034 Алматы облысы
Алматы облысында қаңғыбас адам мешіттен үш жасар қызды ұрлап кетті

Ол кішкентай қызды жазық далаға алып кетуге тырысқан.

Алматы облысы Байсерке ауылында тұрғылықты мекенжайы жоқ адам мешітте кешкі намаз оқылып жатқан уақытта әкесіне білдірмей үш жасар қыз баланы алып кеткен. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Департаменттегілер оқиға Байсерке ауылындағы мешітте болғанын айтып өтті. 29 жасар жергілікті тұрғын кешкі намазға өзінің үш жастағы қызымен бірге барған және оны жанына отырғызған. Намаз біткен соң, қызының жоғалғанын байқаған. 

"30 шілде күні сағат 21:50-де Байсерке ауылындағы мешітте әкесі намаз оқып жатқан сәтте белгісіз ер адам оның қызын ұрлап кетті. Намаз біткеннен кейін ол жанында қызының жоқ екенін көріп, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген жедел-іздестіру тобы шамамен 30 минут ішінде ұрыны ізін суытпай Қапшағай ауданында қолға түсірді. Ол қызбен бірге жазық далаға кетіп бара жатқан. Ер адам өзін полицияның қуып келе жатқанын байқап, баланы қалдырған да, жасырынуға тырысқан. Алайда полиция қызметкерлері оны ұстады", - деп түсіндірді Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Сергей Незнаев.

Баланы ұрлаған 1962 жылғы тұрақты мекенжайы жоқ ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шараларын тағайындау мәселесі шешіліп жатыр. Оның қалай ұрлық жасағаны анықталуда.

"Адам қолға түскенде кез келген нұсқаны айтуы мүмкін. Ол қыз баланы асырап алғысы келгенін немесе жай ғана ойнағысы келгенін жеткізуі ықтимал... Біз оның нақты ойын біле алмаймыз. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, ұрлықтың негізгі себебі анықталып жатыр. Сот оны қамауға алу немесе босату туралы шешім қабылдайды", - деп сөзін толықтырды Сергей Незнаев. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар