Алматы облысында шіркеу өртенді - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысында шіркеу өртенді

06 ақпан, 19:14 864 Алматы облысы
Алматы облысында шіркеу өртенді

Ғимараттың ағаштан жасалған шатыры өртеніп кетті. Шатырдың қанша бөлігі өртенгені қазірше белгісіз.

Алматы облысы Түрген ауылындағы Архангел Михаил шіркеуі өртенді. Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне ҚР Төтенше жағдай жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

"Бүгін сағат үш шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданын Түрген ауылында Архангел Михаил шіркеуінің шатырының өртенгені жайлы хабар жетті. Ғимарат ағаштан жасалған. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары жұмылдырылды", - деді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, қажет мөлшердегі судың Түрген өзенінен алынатынын айтты.

"Қажет мөлшердегі су Түрген өзенінен алынады. Сағат 17:25-те өрт сөндірілді", - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары