Алматы облысында су басқан аулалардың саны 300-ге жуықтады - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысында су басқан аулалардың саны 300-ге жуықтады

28 ақпан, 2018, 13:26 1289 Алматы облысы
Алматы облысында су басқан аулалардың саны 300-ге жуықтады

Әсіресе Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылы су жайылған елді мекендердің ішінде бірінші орында тұр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 ақпан күні Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы 120 аулада  су тұр, деп хабарлады 24.kz. Ал өткен тәулікте 50 үйдің ауласы судың астында қалған Қайназар ауылында жағдай тұрақталды. Суды шығару жұмыстары қазір қалған 3 аулада жүргізіліп жатыр.

Ал екінші орында Қарасай ауданы. Мұнда 82 жағдай тіркелген. Аулаларды су басу Қаскелең қаласында - 28, Батан ауылында - 34,  Қырғауылды -5, Абай  ауылында 15 жағдай тіркелген. Талғар ауданында да жағдай осындай. Мұнда 62 ауланы су басқан. Талғар қаласында - 9, Тұздыбастау ауылында - 27, Бесағаш -2, Қызылту -10, Панфилов елді-мекенінде осындай 14 жағдай орын алуда. Ал  Еңбекшіқазақ ауданындағы Байтерек ауылында  15 аула судың астында қалған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға орындарында жергілікті орган, құтқарушылар, әскери қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Қазір су басқан елді-мекендерге  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов барып, жағдаймен танысуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар