Алматы облысында су тасу қаупіне байланысты ТЖК күшейтілген жұмыс режиміне көшті - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысында су тасу қаупіне байланысты ТЖК күшейтілген жұмыс режиміне көшті

26 ақпан, 09:53 602 Алматы облысы
Алматы облысында су тасу қаупіне байланысты ТЖК күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Оған таулы аудандарда күннің жылынып, қардың еруі себеп болды.

Алматы облысында аймақты су басу қаупіне байланысты төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлады 24.kz.

Оған таулы аудандарда күннің жылынып, қардың еруі себеп болды. Оның үстіне арық жүйелерінің кей жерлерде бітеліп қалуы да жағдайды біраз ушықтырып тұр.

Қазірдің өзінде құрылыс талаптарының сақталмауынан 20 шақты жеке тұрғын үй маңы мен 66 аула аумағын су басқан. Сондай-ақ, 407,5 текше метр су сорылып алынды. Мұндай жағдайлар әсіресе Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл аудандары мен Талдықорған қаласында байқалады. 

Жергілікті атқарушы органдардан 213 адам, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 71 адам, 93 бірлік өртке қарсы және инженерлік техника жергілікті жерлерде жұмыс атқаруда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары