Алматы облысында жастар үшін ІТ-стартаптардың технопаркін құру көзделіп отыр

14 қаңтар, 2019, 15:41 1554 Алматы облысы
Алматы облысында жастар үшін ІТ-стартаптардың технопаркін құру көзделіп отыр

Стартап-жобаларды жүзеге асыру үшін тиісті компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілген, интернетке қолжетімділігі бар арнайы орын қажет.

Алматы облысы Талдықорған қаласында жастарға ІТ-стартаптардың технопаркін құру көзделіп отыр. Бұл туралы  Жастарға қызмет көрсету орталығының интернет-кітапханасында облыс әкімі Амандық Баталовтың жастармен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, облыста креативті ойлайтын жастар өте көп, соның ішінде ІТ саласы мамандарына стартап-жобаларды жүзеге асыруға қолдау қажет. Тиісті компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілген, интернетке қолжетімділігі жақсы арнайы ғимараттың қажеттілігі туралы да сөз болды. Бұл идеяға облыс әкімі Амандық Баталов қолдау білдірді. 

"Бұл өте жақсы идея. Оны жүзеге асыру жастардың өз білімі мен машығын пайдалана отырып, табыс табуына мүмкіндік береді. ІТ технологиясы – қазіргі заманғы маңызды бағыттардың бірі, әсіресе оның бүгінгідей цифрландыру кезеңінде рөлі ерекше. Техникаға бейім жастарды жан-жақты қолдап, оларға бағыт беріп, көмектесуіміз керек", - дей келе Амандық Баталов қолайлы ғимарат қарастыру мәселесін пысықтауды тапсырды.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар