Алматы облысындағы Ойқарағай кенішінен биыл 35 мың тонна көмір қазып алынды

12 қазан, 2018, 11:03 2722 Алматы облысы
Алматы облысындағы Ойқарағай кенішінен биыл 35 мың тонна көмір қазып алынды

Мұнда сапа стандарттарына сәйкестендірілген Б-3 маркалы көмір өндіріледі.

Райымбек ауданы Сарыбастау ауылдық округінің аумағына кіретін Ойқарағай кенішінен биыл 35 мың тонна көмір қазылып алынды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кен орнының басшылығы сапасы жағынан Шұбаркөл көмірінен еш кем түспейтін, бағасы көпшілікке қолжетімді көмірдің көлемін сұранысқа байланысты арттыруға толықтай мүмкіндік бар екенін айтады.

"Райымбек ауданы қысқы жылыту маусымына толықтай дайын. Аудандағы 11 ауылдық округтегі әлеуметтік және өзге де нысандар сұйық, қатты отынмен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілген. Ауданымызда Ойқарағай кен орнының орналасуы біз үшін өте тиімді. Өткен жылдары тұрғындарымыз қатты отыннан еш қиындық көрген жоқ. Ойқарағайдың көмірін облыстың аудандарынан өзге Оңтүстік Қазақстан облысына да тасымалдап жатқан азаматтар бар", - деді аудан әкімі Жолан Омаров.

Мұнда 33 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жер астындағы көмір кенін қазып алу үшін 50-60 метр тереңдікке дейінгі жер бетінің топырақ қабаты тазартылып, тығыздығы жоғары, сапалы көмір өндіріледі. Жергілікті тұрғындар мен тұтынушылар бұл жердің көмірінің бір ерекшелігі ретінде аз ғана отынмен бірден тұтанатынын, жоғары қызуымен ұзаққа дейін жанып тұра беретін қасиеті барын айтады.

Білікті кадрларға деген қажеттілікті өтеу үшін жергілікті серіктестік мектеп бітіруші жас түлектерді Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде қажетті мамандықтарға оқытуды өз жауапкершілігіне алған. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар