Алматы облысындағы "Таңбалы" қорық-мұражайында туристік аймақ ашылды - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысындағы "Таңбалы" қорық-мұражайында туристік аймақ ашылды

09 шілде, 19:01 1607 Алматы облысы
Алматы облысындағы

Енді Танбалы петроглифтерін тамашалап көру үшін келетін туристер дем алу мүмкіндігіне ие болады.

Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан "Танбалы" тарихи және археологиялық мұражай мекенінде туристерді қабылдайтын аймақ ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Осы туристік аймақ Қазақстан Республикасандағы Бiріккен Ұлттары Ұйымы Даму бағдарламасының алуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау жөніндегі жобасының қолдауымен ашылып отыр. Енді Таңбалы петроглифтерін тамашалап көру үшін келетін туристтер мұражайда дем алу мүмкіндігіне ие болады. "Танбалы" тарихи және археологилық қорық-мұражайы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген.

Ашылу салтанатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза, Ыстамбұлдағы Еуропа және ТМД үшін аймақтык хабтың мемлекеттік бағадарламаларды қолдайтын маманы Озлем Атлуг ханым, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы бюросының басшысы және өкілі Криста Пиккат ханым сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар дүниесi комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдінов қатысты. 

Туристерге арналған аймақ "Қорғалатын аймақтардың іші мен айналасында биоәртүрлілікпен үйлесімді тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйелердегі қорғалатын аймақтардың тұрақтылығын арттыру" жобасы шеңберінде құрылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары