Алматы облысының кәсіпкері "Кто возьмет миллион?!" телешоуының жеңімпазы болды

25 наурыз, 2018, 12:35 2595 Астана
Алматы облысының кәсіпкері

Бағдарлама қатысушысы барлық 15 сұраққа жауап беріп, 10 миллион теңге жеңіп алды және ойынның қазақстандық нұсқасының тарихында бесінші миллионер атанды.

Қазақстандық кәсіпкер "Кто возьмет миллион?!" ойынында барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, жобаның 2017-2018 жылдардағы маусымында жеңімпаз болды, деп хабарлайды BNews.kz Хабар телеарнасының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

"ДОСТАР! ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ОҚИҒА! Бірінші МИЛЛИОНЕР бар – "Кто возьмёт миллион?!" жобасының алғашқы жеңімпазы. Бағдарлама қатысушысы Евгений Малищук барлық 15 сұраққа жауап бере алды және басты жүлде – 10 миллион теңгені жеңіп алды. Осылайша, жобаның теледидар экранына қайта оралған уақытынан бері ол алғашқы жеңімпаз болды және телешоудың қазақстандық нұсқасының тарихында бесінші миллионер атанды", - делінген хабарламада.

Ал ойынның тележүргізушісі Серік Ақышев өзінің Instagram-дағы парақшасында болып жатқан оқиғаны бірден түсіне алмағанын атап өтті. Оның ойынша, миллиондаған қазақстандықтардың көз алдында адам сенгісіз оқиға болды.

"Бұл шын мәнінде болды. Мен өзім де әлі сене алар емеспін. Сенің көз алдыңда адам сенгісіз оқиға болып жатқан кезде, бұл оқиғаны бірден түсіну қиын. Бұрын әскери қызметкер болған, технолог мамандығы бойынша білім алған, ал қазір Алматы облысының кәсіпкері Евгений Малищук қазіргі кезде де таңғажайып оқиғаның болатынын маған, түсірілім тобының 40 мүшесіне, студиядағы 120 көрерменге және телеэкраннан бағдарламаны тамашалап отырған барлық қазақстандыққа дәлелдеді. Ғажайып – ол адам түйсігінің, сабырлылық пен өзіне деген сенімінің күші. Қазақстандық #КтоВозьметМиллион супершоуының тарихындағы алғашқы 10 000 000 теңгенің жеңімпазы – тамаша ойын үшін саған үлкен рахмет! Бұл өте керемет болды!", - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, "Кто возьмет миллион?" – бұл интеллектуалдық шоу, британиялық "Who Wants to Be a Millionaire?" телеойынының баламасы. Бұл телеойында әрбір қатысушы түрлі білім саласы бойынша қойылатын 15 сұраққа жауап беру арқылы 10 млн (бұрын – 5 млн) теңге жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстанда бұл "Кто возьмет миллион?" атауымен ойын 2001 жылдың 17 мамыры мен 2004 жылдың маусым айы аралығында КТК телеарнасында көрсетілген. 2004 жылдың тамыз айынан бастап ойын Хабар телеарнасынан көрсетіле бастады. 2005 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың қыркүйегіне дейін "Ел арна" телеарнасынан көрсетілді, содан кейін туындаған қаржылық қиындықтарға, демеушілік мәселесіне және жобадан аздап жалыққандыққа байланысты бағдарлама уақытша көрсетілімін тоқтатты. 2017 жылдың 16 қыркүйегінен бастап телешоу 11 жылдық үзілістен кейін "Хабар" телеарнасынан қайта көрсетіле бастады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар