Алматы облысының тұрғындары отшашу атып, мал азығын отқа орады

3 Января, 2019, 20:13 4195
Алматы облысының тұрғындары отшашу атып, мал азығын отқа орады  |  | BNews.kz

Жаңа жылды мерекелеу кезінде 14 өрт дерегі тіркелсе, оның 4-еуі отшашу қолдану салдарынан болған.

Алматы облысының тұрғындары отшашу ату барысында мал азығын өртеп жіберді. Бір оқиға Райымбек ауданының Көмірші ауылында орын алса, екіншісі Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында болған деп хабарлады Қазақпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылды мерекелеу кезінде 14 өрт дерегі тіркелсе, оның төртеуі отшашу қолдану салдарынан болған. Текелі және Қаскелең қалаларында отшашу ұшқыны көпқабатты үйлердің балконына түсіп, ондағы киімдер мен заттардың өртенуіне себепші болған.

Сондай-ақ, Райымбек ауданы, Көмірші ауылында отшашудан 4,5 тонна шөп өртке оранса, Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында 15 тонна мал азығы жанып кетті. Барлық өртті сөндіруге аудандардың өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы атсалысты. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ.  

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости