Алматы прокуратурасы 23 медициналық мекеме қызметінің құнын төмендетуге қол жеткізді

10 қазан, 2018, 12:19 1166 Алматы
Алматы прокуратурасы 23 медициналық мекеме қызметінің құнын төмендетуге қол жеткізді

Медицина мекемелерінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының прокуратурасы медициналық мекемелердің қызметтерін ұсынудың заңдылығына талдау жүргізді. Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 23 медициналық мекеме қызмет құнын төмендетті, деп хабарлайды BNews.kz қала прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар нәтижесінде туберкулезге қарсы диспансердің тұрғындарға беретін медициналық анықтамаларының құны екі есеге (500-ден 250 теңгеге дейін) төмендетілді.

"Талдау барысында 22 медициналық мекеменің медициналық анықтама беру қызметтерінің өзіндік құнын негіссіз жоғарылатқаны анықталды. Прокуратураның енгізген актілері көрсетілетін қызметтердің құнын төмендетуге және алып тастауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Мысалы, басқа жақтан келген азаматтарға СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталық беретін анықтама үшін 650 теңге мөлшеріндегі төлем алынып тасталды. Наркологиялық орталық беретін анықтамалар құны 250-ден 180 теңгеге дейін, ал Психикалық денсаулық орталығы – 250-ден 205 теңгеге төмендетілді.

Сонымен қатар, 19 емханада тұрғындардан талап етілетін 083 және 086 анықтама қағаздарының құны айтарлықтай азайтылды.

"Мұндай анықтамаларды жыл сайын 10 мыңнан астам азаматтар алады. Медицина мекемелерінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар – азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті", - деп толықтырды Алматы прокуратурасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар