Алматыда 106 бағыт "Әлмерек" ықшам ауданына дейін ұзартылады

07 қараша, 2018, 16:37 3780 Алматы
Алматыда 106 бағыт

Автобустар қозғалысы өзгерген сызба бойынша биылғы жылдың 12 қарашасынан бастап жүзеге асады.

Қаладағы 106 бағыт "Әлмерек" ықшам ауданына дейін ұзартылады, деп хабарлады қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Жоғарыда аталған елді мекен тұрғындарының өтініші бойынша Алматының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осындай шешім қабылдаған.

"№106 бағыт Түрксіб ауданының әлеуметтік маңызы бар объектілерін қамтиды, бұдан былай ықшам аудан тұрғындары үшін көлік қолжетімді болады. Қазіргі кезде жаңа құрылыс тұрғындарына қатысты қосымша аялдама пункттерін ашу қарастырылуда", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ,  №86 бағыт "Ахметов көшесі" деп  аталатын соңғы аялдамаға дейін ұзартылған. Автобустар қозғалысы өзгерген сызба бойынша биылғы жылдың 12 қарашасынан бастап жүзеге асады.

Еске салсақ, Алматыда көлік  реформасы аясында жаңа №205 бағыт ашылған еді. Бұл бағыт бойынша 18 метрлі төмен  еденді 30 жаңа автобус жүруде.

Алматыда биылғы жылдың соңына дейін жаңа көлік үлесін 87%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар