Алматыда 12 әуе рейсі кешіктірілді - Жаңалықтар | BNews

Алматыда 12 әуе рейсі кешіктірілді

07 ақпан, 17:03 848 Алматы
Алматыда 12 әуе рейсі кешіктірілді

Әуе рейстерінің кешіктірілуіне қолайсыз ауа райы себеп болған.

Алматының халықаралық әуежайында 12 әуе рейсі кешіктірілді, деп хабарлайды BNews.kz әуежайдың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте (06/02 – 07/02) Халықаралық Алматы әуежайында келесі рейстер кешігіп жөнелтілді:
Air Astana әуекомпаниясы:
KC871 Алматы-Мәскеу Ұшақтың кешігіп келуі;
KC863 Алматы-Ақтөбе Ұшақтың кешігіп келуі;
KC911 Алматы-Стамбул Жолаушыға медициналық көмек көрсету;
KC987 Алматы-Урумчи Ұшақтың ауыстырылуы техникалық себеппен емес;
KC877 Алматы-Атырау Ұшақтың ауыстырылуы техникалық себеппен.

Air Astana әуекомпаниясы төмендегі қызметтерді әуежайдан тәуелсіз түрде өз құзырында атқарады:
1) жолаушыларды және багажды тіркеу;
2) әуе кемесінің бортына жолаушыларды отырғызу;
3) багажды беру;
4) багажды іздестіру;
5) әуе кемелерінің қонуы / ұшуы;
6) әуе кемелерiне мұздануға қарсы сұйықтық шашу;
7) әуе кемесінің ішкі тазарту жұмысы.

Bek Air әуекомпаниясы: 
Z92225 Алматы-Шымкент-Ақтау Ұшақтың кешігіп келуі.

МАУ әуекомпаниясы: 
PS538 Алматы-Киев Ұшақтың кешігіп келуі;
PS101 Алматы-Стамбул Ұшақтың кешігіп келуі.

Belavia әуекомпаниясы: 
B2768 Алматы-Минск Ұшақтың кешігіп келуі.

Fly Dubai әуекомпаниясы: 
FZ736 Алматы-Дубай Ұшақтың кешігіп келуі.

Aeroflot әуекомпаниясы: 
SU1947 Алматы-Мәскеу Ұшақтың кешігіп келуі;
SU1941 Алматы- Мәскеу Ұшақтың кешігіп келуі.

Кешіккен рейстер: 12
Қазіргі уақытта Халықаралык Алматы әуежайындағы сатылас көрініс 390 м, деңгейлес көрініс 3800 м құрады.
ӘК қабылдауға және ұшып шығаруға шектеу жоқ.

Еске сала кетейік, "Қазгидромет" РМК атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, жел күшейетінін хабарлаған болатын. Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында жел секундына 18-23 метр жылдамдыққа дейін жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары