Елбасы Жолдауына сәйкес Алматыда 157 көше жөнделеді - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Жолдауына сәйкес Алматыда 157 көше жөнделеді

19 сәуір, 12:27 3143 Алматы
Елбасы Жолдауына сәйкес Алматыда 157 көше жөнделеді

Рысқұлов және Қорғалжың даңғылы, Сейфуллин мен Жансүгіров, Рысқұлов және Емцов көшелері қиылысында жол көлік айрығы салынып жатыр.

Алматыда жыл соңына дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, жалпы қашықтығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді. Бұл туралы Алматы қалалық "Нур Отан" партиясы филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында, қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік тасымалы басқармасының жетекшісі Мақсұт Исахов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауына айтылғандай, ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек.

"Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек", - деп тапсырған Мемлекет басшысы.

"Үлкен құрылыстарға қатысты айтар болсақ, бұрыңғы Фурманов қазіргі Назарбаев даңғылында жұмыстар жүргізілуде. Қыркүйек айына қарай жөндеу аяқталады. Одан өзге қала бойынша екі жоба жүзеге асырылуда. Абай даңғылынан Наурызбай ауданынынң әкімшілік орталығына дейін. Ұзындығы 1,2 және 1,7 шақырым. Өткен жылы жұмыстың үлкен бөлігі аяқталды. Біз Сүйінбай көшесінен Қайрат ықшамауданына дейін 1,1 шақырым жолды тапсырдық. Мұнда бұрын 10 мыңнан астам адам резеңке етікпен жүретін. Қазір барлық аумақ бойымен көлік бағыты жүреді. Абаттандыру жұмыстары аяқталып жатыр", - деді Мақсұт Исахов.

Рысқұлов және Қорғалжың даңғылы, Сейфуллин мен Жансүгіров, Рысқұлов және Емцов көшелері қиылысында жол көлік айрығы салынып жатыр.

"Жол көлік айрықтары құрылысына қатысты айтар болсақ, қаланың ортасындағы Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінде жұмыстар жүргізілуде. Рысқұлов пен Қорғалжың даңғылы қиылысында да белсенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Осы жылы бұл аумақтағы жолды ашу жоспарда бар. Бәрі қаржыландыруға байланысты. Республикалқ бюджеттен қосымша 5 млрд сұрап отырмыз, әзірге бөлінгені 1,2 млрд", - деді басқарма басшысы.

Спикер сондай-ақ, биыл Алматыда жыл соңына дейін жалпы қашықтығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделетіні туралы айтты. Оның ішінде Мақатаев көшесі бойындағы трамвай жолдарының демонтаж жұмыстары бар. Қала жолдарының 320 000 м2 бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары