Алматыда 15 қазанда жылу беру маусымы басталады

09 қазан, 2018, 16:05 1521 Алматы
Алматыда 15 қазанда жылу беру маусымы басталады

Қаланың жылуэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100% дайын.

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша Алматыдағы жылу маусымы 2018 жылдың 15 қазанынан басталады, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде әлеуметтік объектілер, оның ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады.

Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде. Қаланың жылуэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100% дайын.

Айта кетерлігі,  қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен  267 км кәріз желісі қайта жасалды.

Алматыда жылыту маусымына дайындық аяқталуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеңес өткізді. Қалада биыл 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз жүйесі қайта жасалды, 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу міндеттері бойынша бөлігінде атап өткендей, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеп, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Бауыржан Байбек алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеңес өткізіп, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар