Алматыда 97 мың қызметкердің жалақысы көтерілді

10 Января, 2019, 18:02 7302
Алматыда 97 мың қызметкердің жалақысы көтерілді |  | BNews.kz

Қалада 12 мыңнан астам кәсіпорынның 400 мыңға жуық қызметкері ұжымдық келісімшарттарға қол қойып, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге қол жеткізді.

Қазіргі таңда Алматы қаласының 97 мыңға жуық қызметкерінің жалақылары көтерілді. Ал кейбір жұмыс берушілер төмен жалақы алатын қызметкерлер санаттарының болмауына қарамастан, еңбек ақысын орташа есеппен 30%-ға арттырады. Тұтастай алғанда, жалақысы төмен қызметкерлердің орташа жалақысы 24%-ға дейін көбейеді, деп хабарлады қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы. 

Алматы қаласының кәсіподақтар аймақтық одағының төрайымы Зәуреш Өмірбаеваның айтуынша, әрбір қызметкер еңбек мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік пакетке құқығы бар.

"Ұжымдық шартқа қол қою арқылы қызметкерге қосымша жеңілдіктер, өтемақы төлемдері және қауіпсіз еңбек жағдайларында кепілдік беріледі. Яғни міндетті ынталандырушы еңбек кепілдігін ала алады. Біз сондай-ақ, ұжымдық келісімшарттарға әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне байланысты қызметкерлерге өтемақы төлеу міндеттемесін енгізуге ұмтыламыз. Енді біз қалада 12 мыңнан астам кәсіпорынның 400 мыңға жуық қызметкерімен ұжымдық келісімшарттар жасасып, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге қол жеткіздік", - деді Зәуреш Өмірбаева. 

Бұдан басқа, қалада жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылуда. Оған, қысқа мерзімді қысқа курстар, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және қоғамдық жұмыстар жатады. 

Өткен жылы шамамен 1400 адам қысқа мерзімді кәсіби курстарды аяқтады. Оның 32 атаулы мамандықтан көбісі автобус жүргізушілерді, шаштараздарды, есепшілерді, тігіншілерді және аспаздарды оқыту курстары болды. Биыл еңбек нарығында сұранысқа негізделген мамандықтар тізімін жаңарту жоспарланып отыр. Алматылықтар қысқа мерзімді курстарда бариста, мерчендайзер, флорист, сақтандыру бойынша менеджер және тағы басқа да жаңа мамандықтар бойынша оқытылады деп болжануда.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13855

Похожие новости