Алматыда "Абай оқулары" қалалық байқауы өтті

28 қараша, 2018, 10:11 1794 Алматы
Алматыда

Байқау үш кезеңнен тұрды.

Қалалық Тілдерді дамыту басқармасы, Алматы Құрылыс техникалық колледжі ғимаратында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстанның этнос өкілдері арасында "Абай оқулары" байқауын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Байқаудың мақсаты қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен өнерге, әдебиет пен тілге деген ықыласты арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 18-28 жас аралығындағы Қазақстанның этнос өкілдері қатысты.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. "Өлең сөздің патшасы..." кезеңінде қатысушылар Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқыды. Екінші  "Қазақта қарасөзге дес бермедім..." кезеңінде "Абай жолы" романынан  үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау тапсырылды. Үшінші "Құлақтан кіріп, бойды алар..." кезеңінде Абайдың әні орындалды. Жеңімпаздар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар