Алматыда әйел адам тізгіндеген автокөлік аударылды: зардап шеккендер бар

23 шілде, 2018, 09:59 1781 Алматы
Алматыда әйел адам тізгіндеген автокөлік аударылды: зардап шеккендер бар

Зардап шеккендер әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Алматыда әйел адам тізгіндеген автокөлік аударылып, үш ағашты құлатты. Сондай-ақ, оның салдарынан екі адам зардап шекті, олардың бірі – 2006 жылғы бала, деп хабарлайды BNews.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry 30 Талғар тас жолымен батыс бағытта кетіп бара жатқан.

Бағдаршамға жете бергенде, неге екені белгісіз, жүргізуші әйел рөлге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Салдарынан көлік аударылып, үш ағашты бір-ақ құлатқан.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 2006 жылы туған бала зардап шекті. Әртүрлі жарақат алған екеуі ауруханаға жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар