Алматыда Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау аяқталды

20 қараша, 2018, 12:13 1642 Алматы
Алматыда Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау аяқталды

Онда төрт жолақты көлік қозғалысы және олардың екі жағына екі тротуарлар жасалды.

Сонау 1963 жылы салынған көпірдің үстімен Наурызбай және Қарасай аудандарының автокөліктері жүреді. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша көпір 2015 жылы апатты деп танылған еді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұрынғы ескі көпір түгел алынып тасталды, мықты тіректері мен қабырғалары бар әрі гидроизоляцияланған, өтпелі плиталар жасалып, қоршаулар қойылған, екі қабатты асфальт төселген жаңа көпір пайда болды. Реконструкция кезінде төрт жолақты көлік қозғалысы және олардың екі жағына екі тротуарлар жасалды. Жүзеге асқан  нақтылы шаралардың барлығы көпірдің үстімен жүретін барлық көліктің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында.

Еске салсақ, өткен аптада реконструкциядан соң "Медеу" - "Шымбұлақ" көпірі ашылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар