Алматыда әлеуметтік осал топқа енген 1,3 мың адам жұмысқа орналастырылады

Написать нам
05 қараша, 2018, 15:39 2288 Алматы
Алматыда әлеуметтік осал топқа енген 1,3 мың адам жұмысқа орналастырылады

Бұл мүмкіндіктері шектеулі жандар,  зейнет жасына дейінгі тұрғындар және жастар.

Әлеуметтік қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Алматыда бірқатар әлеуметтік мәселелер қарастырып, Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

Онда жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеру, сонымен бірге, ұжымдық келісім-шарттар жасау туралы айтылды.

Атап айтсақ, халықтың әлеуметтік жағынан осал таптарынан 1,3 мың маманға жаңадан тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдар, зейнет жасына дейінгі тұлғалар және жастар. Олар  Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгінгеннен кейін қоғамдық және әлеуметтік жұмысқа тартылып, арнайы тәжірибеден өтті.

Оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бірқатар ұйымдар тұрақты жұмыс орындарын құратын болады.

Жалпы алғанда, жыл сайын қысқа мерзімді курстардан 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін қабылданады. Оқыту  50 мамандық бойынша жүргізіледі: "Шаштараз ісі", "Тігін ісі" және т.б.  Мамандық ерекшеліктеріне негізделген, курстың ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін созылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар