Алматыда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға 32 млн теңге бөлінді - Жаңалықтар | BNews

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға 32 млн теңге бөлінді

18 ақпан, 12:01 957 Алматы
Алматыда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға 32 млн теңге бөлінді

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге кететін шығын отбасы табысының он пайызынан асқан жағдайда беріледі.

Алматы билігі әлеуметтік әлсіз топқа енген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету үшін 32 миллион теңге бөліп отыр, деп хабарлады Хабар 24.

Соңғы айда елімізде электр энергиясы төлемі 3 пайызға қымбаттады. Енді газ, су және жылу құны да өседі деген болжам бар. 

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге кететін шығын отбасы табысының он пайызынан асқан жағдайда беріледі. Мұндай қолдауға ие болу үшін тұрмысы төмен отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, куәлік көшірмесін мекен-жайы мен жұмыс орны жөнінде анықтама өткізуі тиіс. Сонымен қатар коммуналдық қызметтерге төленген түбіртектерді көрсетуі қажет.   

"Егер де бір отбасының коммуналдық қызметтер төлемі 12 мың теңгені құрайтын болса ал отбасының табысы 70 мың теңгені құрайтын болса яғни 70 мың теңгенің 10 пайыздық мөлшері 7 мың теңгені құрайды. Яғни аталған отбасыға 5 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалады. Егер де коммуналдық қызметтер тарифі өскен жағдайда сәйкесінше тұрғын үй көмегінің мөлшері де көбейтіледі", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Рүстем Исмаилов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары