Алматыда ана мен бала жол апатынан көз жұмды - Жаңалықтар | BNews

Алматыда ана мен бала жол апатынан көз жұмды

14 наурыз, 2018, 10:10 1266 Алматы
 Алматыда ана мен бала жол апатынан көз жұмды

Audi 100 автокөлігі ауыр жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше метр қашықтыққа ұшып кеткен.

Алматыда бар жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жолда тұрған арнайы көлікке соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша Әл-Фараби көшесінің бойымен келе жатқан Audi 100 көлігінің жүргізушісі әйел адам болған. Болжам бойынша Шашкин көшесі мен Esentai mall ортасында жүргізуші жолда тоқтап тұрған көлікті байқамай, бар жылдамдықпен келіп соғылған. Соққыдан көлікті бірнеше метр қашықтыққа артқа лақтырып жіберген. Апат салдарынан әйел мен оның көліктегі үш жасар қызы қайтыс болды. Сондай-ақ жол қызметкері де зардап шекті, ол әр-түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына ТЖД-нің қызметкерлері келді. Оқиға себептерін жол полициясы мен криминалдық полиция қызметкерлері тексеруде.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар