Алматыда автобус пен Mercedes соқтығысты, зардап шеккендер бар - Жаңалықтар | BNews

Алматыда автобус пен Mercedes соқтығысты, зардап шеккендер бар

13 наурыз, 2018, 10:54 1167 Алматы
Алматыда автобус пен Mercedes соқтығысты, зардап шеккендер бар

Жол апаты Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында орын алды.

Алматыда №38 бағытында жүретін жолаушылар автобусы мен Mercedes автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан сегіз адам жарақаттанды, деп хабарлайды BNews.kz СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жол апаты Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында орын алды. Куәгерлер мен автобус жүргізушісінің айтуынша, жолаушылар автобусы Сайын көшесі бойынша солтүстік бағытта, ал Mercedes автокөлігі Абай даңғылы бойынша шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Соқтығысқаннан кейін автокөлік жолдың шетіне шығып қалып, жарнама қалқанына соғылған. Жол апатының салдарынан Mercedes-тің жүргізушісі мен автобустың жеті жолаушысы зардап шекті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар