Алматыда бес жасар бала 38 магнит жұтып қойған - Жаңалықтар | BNews

Алматыда бес жасар бала 38 магнит жұтып қойған

02 наурыз, 16:11 2381 Алматы
Алматыда бес жасар бала 38 магнит жұтып қойған

Қазіргі кезде баланың жағдайы тұрақты.

Алматыда кеше, яғни 1 наурызда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөліміне іші қатты ауырған бес жасар ұл бала жеткізілген. Дәрігерлер оның асқазанын рентгенге түсірген соң, 38 кішкентай магнит шарларын анықтады, деп хабарлады BNews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Дәрігерлер балаға шұғыл түрде ота жасап, магниттерді алып тастады.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев баланың қазіргі жағдайы туралы баяндады.

"Қазір баланың жағдайы тұрақты. Әзірге бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бала есін жиған. 4-5 күн шамасында тамақ ішуге тыйым салынады. Баланы тек тамыр арқылы қоректендіріп жатыр", - деді Ерлан Меңдіғалиев.

Оның айтуынша, оң динамика жалғасқан жағдайда баланы ертең палатаға ауыстырады. Ал төрт немесе бес күннен соң оны ауруханадан шығару жоспарланып отыр. 

Ұқсас жаңалықтар