Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады - Жаңалықтар | BNews

Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады

13 сәуір, 17:35 3675 Алматы
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады

Биылғы жылы мегаполисте "Алматыны дамытудың 50 жоба - драйверлері" бағдарламасы аясында бірқатар ірі өндіріс нысандарын салу жоспарлануда.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың инфрақұрылымдарының құрылысын тексерді, мұнда құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының 40-тан астам отандық және  шетелдік жобалар жүзеге асуда, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек  ең алдымен мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдайтын үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын еліміздегі алғашқы жоғарытехнологиялы зауыттың  құрылыс алаңында болды. Қазақстандық- қытайлық "Asia Steel Pipe Company" кәсіпорнының іске қосылуы Қазақстанға сырттан әкелінетін құбыр өнмідерінің 60%-ын қамтамасыз  етеді.

 Алматы  әкімі кабель желілерін шығаратын ресейлік компанияның "КМК Investment" зауытының,  Жапониядан тыс жерде баламасы жоқ инженерлік желілердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін "Tokyo Rope Almaty" зауытының құрылыс қарқынымен танысты.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек  өндірістік қуаты қаланың қалдықтарын толық өңдейтін қалдық  сұрыптайтын кешенді  аралап көрді.

 Жобаны жүзеге асыру барысында ТҚҚ жинайтын, тасымалдайтын, сұрыптайтын басқару кешенін енгізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде айнала қоршаған ортадағы экологиялық жүктемені азайтады.

Жұмыс сапары барысында  қала басшысы  200 жолаушы автобусына есептелген №3 коммуналды автобус паркінің құрылысымен де танысты.

Жаңа автобус паркі бірмезетте 10 автобусқа қызмет көрсететін газ қондырғыларымен жабдықталады. Автобус паркінде  техникалық қызмет көрсету, көлікті жуу, жүргізушілер тынығып, ұйықтайтын әкімшілік- тұрмыстық блок  нысандарын салу қарастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары