Алматыда BMW көлігі бірнеше рет аударылып, иесі оқиға орнынан қашып кетті - Жаңалықтар | BNews

Алматыда BMW көлігі бірнеше рет аударылып, иесі оқиға орнынан қашып кетті

22 ақпан, 09:56 682 Алматы
Алматыда BMW көлігі бірнеше рет аударылып, иесі оқиға орнынан қашып кетті

Екінші көліктің жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Алматының ықшам аудандарының бірінде жол апаты болып, қымбат көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жол апаты Момышұлы мен Қабдолов көшелерінің қиылысында болған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, BMW Х6 маркалы көлік Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта, Toyota Carina Қабдолов көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.

Белгісіз себептермен екі көлік жол қиылысында соқтығысып, Toyota Carina сырғанап барып, Момышұлы көшесіндегі жолға тоқтаған. Ал BMW Х6 бірнеше рет төңкеріліп барып, бағдаршамға соғылған. Қатты соққыдан жол жиегіне шығып қалған.

Жол апатынан Toyota Carina көлігінің жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. BMW Х6 жүргізуші болса, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары