Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынып, жарық желілері жөнделеді - Жаңалықтар | BNews

Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынып, жарық желілері жөнделеді

18 шілде, 12:39 1658 Алматы
Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынып, жарық желілері жөнделеді

Алматыда VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясы барысында биылғы қала бюджеті нақтыланды.

Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд теңгеге ойтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасының барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвестиция  25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Бюджетті нақтылау барысында үнемделген қаржы есебінен әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге, жаңа ықшам аудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге  жұмсалатын шығын көздері анықталды.

Мысалы, қаланың бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында, ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керектігі туралы айтқан болатын. Елбасы осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажеттігін, сондай-ақ бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын.

Сонымен қатар, Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 675 адамға тифлотехникалық, 871 адамға сурдотехникалық жабдықтар сатып алынады.

"Еңбекке қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау" аясында мыңдаған жұмыссыздар 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Бұлардан өзге, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн. теңге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысандарын сейсмикалық мықтылау жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, "Алматы-2020" даму бағдарламасына және қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген Алматы бюджеті биылғы жылы 526,7 миллиард теңгені құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары