Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуда

Написать нам
21 шілде, 2018, 10:16 2936 Алматы
Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуда

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтуде.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таңертеңнен бірнеше мыңнан аса адам жиналды, деп хабарлайды BNews.kz. Денис Тенді шығарып салуға келген адамдар, гүл шоқтарын әкеліп, көңіл айтып, көз жастарын жасыра алмауда.

Қоштасу рәсіміне Денистің туған -туыстары мен достарынан бөлек, спортшыны сыйлап, оны мақтан еткен қала тұрғындары көптеп келуде.

Алматы тұрғыны Әмірхан Әбдіқалықов Денис Тенды шығарып салуға келген адамдардың легін Дінмұхамед Қонаевті шығарып салу кезімен салыстырды.

"Дінмұхамед Қонаев қайтыс болған кезде, тура дәл осылай халық көп жиналған еді. Қоштасып үлгірмеген адамдар, Кенсайға дейін жаяу барып, жолына гүл шоқтарын қойып отырған еді. Бүкіл көше бойы гүлге толып еді. Денис Тенмен қоштасуға да көп адам жиналып, өте көп гүл шоқтарын әкелген, - деді Алматы тұрғыны Әмірхан Әбдіқалықов.   

Ғимарат алдында жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік жасауда.

"Денис Тен ұлтымыздың мақтанышы еді, оның қазасы туралы хабарды естіген кезде қатты жүрегім ауырды. Мен бірден шырақ сатып алып, Республика сарайы алдындағы алаңға бардым. Мен өзім онымен жеке таныс болмадым,  алайда  2017 жылғы Универсиада кезінде мен осы ойындардың финалын жүргізіп едім. Денис Тен мұз алаңына шыққанда оны көрген халықтың қуанышында шек болмады. Сол ойындарда Денис бірінші орынды иеленген еді. Бүгінгі қоштасуға өте көп адам жиналды. Ішке кіру мүмкін, емес, көбі сыртта қоштасып тұр, - деді Алматылық көңілділер мен тапқырлар клубы лигасының директоры Алмас Сағынұлы.  

Денис Тен  19 шілде күні ауруханада пышақ жарақатынан қайтыс болды. Оның өліміне күдіктілер ұсталды, тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар