Алматыда Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті

12 қазан, 2018, 18:42 198 Алматы
Алматыда Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Осы күні бүкіл әлемдік ғылыми-техникалық қауымдастықтары Дүниежүзілік стандарттар күнін стандарттау жұмысының маңыздылығына орай атап өтеді.

Бүгін Алматы қаласында "Атамекен" Кәсіпкерлер палатасының алаңында Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Іс-шараны "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Осы күні бүкіл әлемдік ғылыми-техникалық қауымдастықтары Дүниежүзілік стандарттар күнін стандарттау жұмысының маңыздылығына орай атап өтеді. Биыл Дүниежүзілік стандарттар күні "Халықаралық стандарттар және төртінші өнеркәсіптік революция" ұранымен өткізіледі.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар, Кәсіпкерлер палатасы, "ҚазМетрИн" РМК ОҚФ басшылары мен мамандары, "ҰАО" ЖШС өкілдігі, стандарттау бойынша техникалық комитеттер, өндірістік кәсіпорындар, қауымдастықтар, одақтар, қоғамдық бірлестіктер, аккредиттеу субъектілері, сондай-ақ білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Отырысты "ҚазСтИн" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Маненов Зайнулла ашты. Сондай-ақ, құттықтау сөзімен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы басшысы Төлебай Бағдат және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Қапаев Сауықбек сөз сөйледі.

Іс-шараның басты тақырыбы халықаралық үлгіге негізделген ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыруға бағытталған, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің рөлін арттыру, ұлттық стандарттардың мәртебесін көтеру, пайдаланушыларға стандарттау құжаттарының қолжетімділігін қамтамасыз етудегі "Стандарттау туралы" ҚР Заңының нормаларын түсіндіру болып табылды.

Сонымен қатар, бағдарламада төмендегідей тақырыптар қамтылды:

- Халықаралық стандарттар және төртінші өнеркәсіптік революция. Мемлекет өміріндегі және стандарттаудағы жаңа кезең;

- Басшы және стандарттау. Үйлесімді және қажетті түсініктер;

- Технологияларды, өнімдер мен қызметтерді инновациялық стандарттауды дамыту арқылы алға жылжу.

Іс шараның соңында стандарттауды дамытудағы қосқан үлесі үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен мамандары құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға әрдайым бірінші кезекте қалуға, жаңа сын-қатерлермен сәтті күресіп, жақсы денсаулық пен жаңа жетістіктердің арқасында табысты болуды тіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар