Фильмнің 80% қалада түсіріледі.
Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында шартты атаулы "Эвакуация" телевизиялық сериалының қорғалымы өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілетін жоба өткен ғасырдың 40-шы жылдары туралы баяндайды, деп хабарлайды BNews.kz киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фильмнің режиссері Фархат Шәріпов.
"Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде СССР тұрғындарды жаппай эвакуациялау іс-шараларын жүргізді. Бұл әлем тарихындағы ең ауқымды әрі қиын шаралардың бірі болған. Эвакуация түрлі қатерлер мен жақынын жоғалтып алу жағдайларына толы болған. Сол сұрапыл жылдарды эвакуацияланған адамдар тағдыры арқылы көрсеткіміз келді. Сонымен қатар, фильмде жергілікті тылда жұмыс істегендер туралы да айтылады. Өзіміз сол кезеңге еніп, адамдардың қиындықтарға қарамастан, соншалықты жігерлі болуының себебі неде екенін білгіміз, ұғынғымыз келеді", - деді режиссер Фархат Шәріпов.
Сонымен қатар, режиссер бас ролдерге орыс және қазақ театрларының актерлері: Наталья Витмер, Евдакия Бобрик, Екатерина Балакши, Виталий Багрянцев, Алтынай Нөгербек және Иісбек Әбілмәжіновты бекіткенін айтты.
Жобаның қоюшы суретшісі Сәбит Құрманбеков шығармашылық топтың дайын екенін және түсірілімдердің 80% Алматыда өтетінін жеткізді.
"Ескі нысандар азайып барады. Қала ішінен оларды табу қиынға соғуда. Бірінші Алматы аумағында ескі ДПО таптық. Түсірілімдер сол жерде 1 қараша күні басталады", - деді Сәбит Құрманбеков.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ерекше жандардың өмірі туралы қазақстандық фильмнің тұсаукесері өтті
-
Қазақфильм 2019 жылдың прокат маусымын Фархат Шәріповтың туындысымен бастады
-
"Қазақфильм" Қасым хан туралы сериал түсірілімі үшін кастинг жариялады
-
Екі отандық фильм Бангладештен жүлделі оралды
-
"Соңғы мұғалім" фильмі Түркияда өткен фестивальде жүлдеге ие болды
-
Алматыда "Елбасы жолы. Астана" фильмінің тұсаукесері өтті
-
"Қазақфильм" еліміздің табиғаты туралы сыр шертетін деректі фильмдерді көрсетеді
-
"Асан" фильмі Ташкенттен жүлдемен оралды