Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады

18 қаңтар, 2019, 19:09 2999 Алматы
Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады

Мұндай ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.

Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Техникалық сипатына орай, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, бейнебақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс.

Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобустар жүре бастады.

BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, бағыты және аялдамаға қашан келетіні туралы маңызды ақпараттар көрініс тапты.

Қазіргі кезде Желтоқсан - Төле би - ШАЖ - Құлжа трактін қамтитын ұзындығы 13,2 км болатын желінің екінші кезегінің жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. 

Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізушілер біліктілік Орталығында білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар, автопарктер жүргізушілер үшін бірыңғай форма алуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар