Алматыда Қала күні аясында 100-ге жуық шара өтеді

03 тамыз, 2018, 17:06 3441 Алматы
Алматыда Қала күні аясында 100-ге жуық шара өтеді

Кішкентай балдырғандар үшін Алматы хайуанаттар паркі "ZOO мұрасы" атты ашық есік күндерін өткізеді.

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында тамыздан қыркүйекке дейін 90-нан астам шара жоспарланған. Бұлардың барлығы дәстүрге айналған мәдени-бұқаралық шаралар. Олардың қатарында "Алматы Көктөбе Опера" классикалық музыка фестивалі, ашық аспан астындағы "Оркестрлер фестивалі", "KITAP FEST" кітап фестивалі, "Отбасы күні",  "Гәкку дауысы" қазақстандық  премиясы, "Алма Fest" және "Парк фест" қалалық дәстүрлі фестивальдер өтеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұлардан өзге, қыркүйек айында  әлемдік деңгейдегі шетелдік артистердің қатысуымен ауқымды шоу өтеді. Қала күніне арналған "B-DAY PARTY" концертіне Busta Rhymes қатысады, көрермендер рэп орындаушылардың өнеріне тәнті болып, Almaty Arenaда өтетін көңілді бағдарламаларды, шақырылған қонақ Макс Барскихпен бірге "Muzzone Dance Party"  мен "Ninety one" жеке концертін және басқаларды тамашалайды.

Биыл оңтүстік астанада тұқңғыш рет 14-16 қыркүйек аралығында Панфилов және Жібек Жолы  көшелерінде ди-джейлердің "Jazzystan: APPLE TO APPLE" фестивалі ұйымдастырылады, оған шетелдің  танымал 6  ди-джейлері қатысады. Ал, 15-19 қыркүйек аралығында Республика Сарайында  халықаралық "Almaty Film Festival" кинофестиваліне арналған бірқатар шаралар өтеді.

Мәдениет қайраткерлеріне арналған шаралар да жоспарланған, мысалы Қазақ ССР-інің Халық артисі Болат Аюхановтың 80 жылдығы, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығы және  басқалары аталып өтіледі.

Концерттік бағдарламалардан өзге дәстүрлі және заманауи өнерге  арналған көрмелер ұйымдастырылады. Олар:  К.Алтынбековтың "Алматы 1000" көрмесі, Ермек Серкебаевтың шығармашылығына арналған  мультимедиялы көрме, қалалық  көркемөнер галереясының ашылу құрметіне  Қала күні көрмесі, "Алматы: кеше және бүгін" фотокөрмесі, "Мың боуялы қала" көшпелі көрмесі және басқалары.

Алматы музейінің базасында, Әбілхан Қастеев атындағы өнер мектебінде және қалалық көркемөнер  галереясында танымдық шаралар ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауының "Адами капитал – жаңғыру негізі" атты бөлігінде "Рухани жаңғырудың" мән-маңызы ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керектігінде екенін атап өткен болатын.

Бұлардан өзге, кішкентай балдырғандар үшін Алматы хайуанаттар паркі "ZOO мұрасы" атты  ашық есік күндерін өткізеді, ашық аспан астында "Қуыршақ думан" спектаклі қойылады, "Алатау аясындағы ару Алматы" әдеби ән кеші, қаланың көрікті және тарихи жерлеріне  экскурсиялар, жастар акциялары, конкурстар, қаланың медицина мекемелерінде ашық есік күндері ұйымдастырылады, кәсіпкерліктің жаңа объектілері ашылып, көптеген спорттық шаралар өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар