Алматыда көктемгі марафон өтеді - Жаңалықтар | BNews

Алматыда көктемгі марафон өтеді

14 наурыз, 12:34 1124 Алматы
Алматыда көктемгі марафон өтеді

Алматыда көктемгі марафонға байланысты әл-Фараби даңғылы уақытша жабылатын болады.

Спорттық шара сенбі күні, 17 наурызда, таңғы 6:30-дан түскі 12:00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды BNews.kz

Автокөліктерге Қозыбаев көшесінің солтүстігінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол жабық болады.

"Биыл екінші көктемгі марафонға 1000 адам тіркелген. Бұл Алматы марафонының финалдық жарысына дайындықтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты Әл-Фараби көшесінің бір бөлігі жабылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын күн тәртібін жоспарлау барысында осы деректерді қаперде ұстауын сұраймыз", - деді Алматы Марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Спорттық шарадан соң жол қозғалысы қалпына келтіріледі.

Ұқсас жаңалықтар