Алматыда көлік жолдары қауіпсіздігінің техникалық регламенті талқыланды - Жаңалықтар | BNews

Алматыда көлік жолдары қауіпсіздігінің техникалық регламенті талқыланды

26 шілде, 11:52 3134 Алматы
Алматыда көлік жолдары қауіпсіздігінің техникалық регламенті талқыланды

Бұл іс-шараның мақсаты – жол қауіпсіздігінің талаптарын түсіндіру.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жолдарға қойылатын талаптарды талқылады. Бұл іс-шараның мақсаты жол қауіпсіздігінің талаптарын және олар қандай болуы керек екенін түсіндіру, деп хабарлайды  BNews.kz тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, көлік жолдарының, оның ішінде халықаралық көлік дәліздерінің қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру аясында Кеден одағы комиссиясының шешімімен "Көлік жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламентін бекітті.

Департамент басшысы Сауықбек Қапаев техникалық регламент қандай қағидаға сүйене отырып дайындалатынын атап өтті.

"Техникалық регламентті әзірлеу кезінде Еуроодақ елдерінде қолданылатын қағида пайдаланылады, ол Еуроодақ директиваларын әзірлеу кезінде "жаңа көзқарас" деп аталады. Оның үстіне, бұл тәсіл қауіпсіздіктің қажетті деңгейін сапалы түрде айқындайтын айтарлықтай қажетті индикаторларды құру болып табылады", - деді Сауықбек Қапаев.

Бұдан бөлек, техникалық регламентте техникалық реттеу объектілеріне қойылатын негізгі талаптар түрінде міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленді, техникалық реттеу объектісіне тән қауіпті факторлар анықталды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтетіні туралы айтқан еді. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады. Елбасы Жолдауда транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті туралы айтқан еді.

"Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді. Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет. Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. "Үлкен деректерді" (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервін анықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады. Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады. Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек", - деді Елбасы Жолдауда.

Жоғарыда айтылған техникалық регламент 2015 жылдың 15 ақпанында күшіне енді. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, пайдалану, олардың талаптары күшіне енген кезде міндетті болады.

Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық  реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде беріледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: