Алматыда "Магнумнан" сатып алынған қарбыздан екі бала уланып қалды - Жаңалықтар | BNews

Алматыда "Магнумнан" сатып алынған қарбыздан екі бала уланып қалды

16 тамыз, 2018, 15:15 3167 Алматы
Алматыда

Алматыда 10 тамызда "Көк базар", "Тастақ", "Жаңа Ақбұлақ" және "Кенжехан" базарларындағы бақша өнімдерінен сынама алынды.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова Алматыда супермаркеттен сатып алынған қарбыздан екі бала уланып қалғанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Алматыда 7-10 жастағы екі бала "Магнум" сауда үйінен сатып алынған қарбызды жеп, уланып қалған", - деді Айзат Молдақасымова.

Департаментінің басшысының айтуынша, 10 тамызда Алматыда департамент мамандары "Көк базар", "Тастақ", "Жаңа Ақбұлақ" және "Кенжехан" базарларындағы бақша өнімдерінен сынама алған. Кейбір өнімдерде нитраттың жоғары екендігі анықталды.

"Қазір бақша өнімдерін жинау науқаны жүріп жатыр. Сонымен қатар, сүт коктейльдері, балмұздақ өнімдері де жақсы сатылуда. Біз рейд жүргіздік. Тексеріс нәтижесінде сыналған қарбыздардың 19%-да, қауындардың 18,7%-ында нитрат көрсеткіші жоғары болған. Құйылмалы балмұздақ, квас 100% ластанған болып шықты", - деді Айзат Молдақасымова.

Сонымен қатар, СЭС мамандары сауда жасағанда қандай жайттарға мән беру керектігіне тоқталды.

"Қауын-қарбыз алған кезде қай жерден сатып алатыныңызға мән беріңіз және кесілген қауын, қарбызды алмаңыз. Сатушыда сауда жасауға рұқсат етілген сертификат болуы шарт. Құйылмалы өнімдерді алған кезде, бір реттік ыдыстың болғанын талап етіңіз", - деді маман.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар