Алматыда мамандандырылған екі ХҚКО ашылды

10 желтоқсан, 2018, 18:13 2390
Алматыда мамандандырылған екі ХҚКО ашылды

Жаңа ХҚКО-ны ашу - көлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және көлік жүргізушісі куәлігін ауыстырғысы келетін азаматтар санының артуынан туындап отыр.

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының тағы екі ғимараты ашылды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандандырылған жаңа ХҚҚО-ны ашу - көлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және көлік жүргізушісі куәлігін ауыстыруғысы келетін азаматтар санының артуынан туындап отыр.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаевтың айтуынша, алғашқы мамандандырылған ХҚКО ашылғалы бері 5 жылдың ішінде автокөлік иелеріне көрсетілетін қызмет көлемі бес есе артқан. "Қала шекарасының кеңеюіне байланысты Алматы қаласы халқының саны бір жарым есе өсті.

"Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірін беру бойынша экстерриториалды қағидасы енгізілгеннен кейін көлік саны арта түскен. Тіркелетін транспорттың 50% өзге қалалардан келген қызмет алушылар рәсімдейді. Олардың 80% - Алматы, 20% - Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Бұл Саялы шағын ауданы мен Майлин көшесі, 85 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚО-лар жүктемесін көбейтті", - дейді Ғалым Қарқынбаев.

Сонымен қатар, ол көлік жүргізушісі куәлігін алу барысында тапсырылатын емтихан бұрынғыдай Алатау ауданында орналасқан №1 мамандандырылған ХҚО-да жүргізілетінін жеткізді. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жетілдіру мақсатында "Электрондық үкімет" порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру қызметтері бойынша сервистер жұмыс істейді. Тиісті құжаттар бір сағат ішінде рәсімделеді.

Бүгінге дейін электрондық үкімет порталы арқылы үш мыңнан астам көлік тіркеуге қойылған (Алматы қаласында 550), сондай-ақ 13 мыңға жуық азамат (Алматы қаласында 1765) көлік жүргізушісі куәлігін жаңасына алмастырды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #АХҚО #көлік #жүргізуші куәлігі

Читайте также

Похожие новости